Қарағанды қалалық Мәслихаты
Официальный интернет-ресурс

Қалалық мәслихаттың жаңалықтары

01.11.2022
Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары: Б.Құлмағамбет, Д. Дедов, З. Шалабаева, А. Баранов азаматтардың өтініші бойынша Н. Назарбаев даңғылы, 59-үй мекенжайында болды

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары: Б.Құлмағамбет, Д. Дедов, З. Шалабаева, А. Баранов азаматтардың өтініші бойынша Н. Назарбаев даңғылы, 59-үй мекенжайында болды.

Көшпелі жиынға сонымен қатар Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары М. Жағалбайлы және Қазыбек би атындағы ауданның жергілікті өзін-өзі басқару мүшесі М. Нургалимов қатысты.

Депутаттар футбол алаңының жай-күйімен танысты. Футбол алаңының қоршауы жөндеуді қажет етеді, сонымен қатар алаңның жарықтандыруы жоқ. Аулада ағаштарды кесу, ойын алаңын және қарт жастағы адамдар үшін орындықтар орнату қажет.

Депутаттар аудан әкімінің орынбасарына кепілдік шеңберінде анықталған барлық ақауларды жоюға және ауланы абаттандырудың келесі жылға жоспарлау бойынша ұсыныстар берді

Екінші мекенжай - Полетаев көшесі, 3-үй тұрғындары үйдің қасбеті мен шатырын жөндеу мәселесіне жүгінді. Өтініш берушіге «Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы» ЖШС-не өтінім беру рәсімі түсіндірілді.

 


Вернуться назад

Халық пiкiрi

Устраивает ли Вас качество обслуживания в городском общественном транспорте (кроме такси)?
© 2007-2016 Ақпараттық портал Қарағанды қалалық мәслихаты
© 2017Сайтты әзірлеген және қолдау көрсеткен: Интернет-компания «Creatida»
Қарағанды қ., Проспект
Нұрсұлтан Назарбаев , 39А
Сенім телефоны
8 7212 40 28 88
BESbswy