
- Мәслихат
- Мәслихаттың шешімдері
- Жалпы ережелер
- Мәслихаттың актiлерi
- Мәслихаттардың құзыретi
- Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi
- Мәслихат жұмысын ұйымдастыру
- Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi
- Мәслихаттар мен әкiмдiктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер
- Мәслихаттарды құру тәртiбi
- Мәслихат сессияларын өткізу тәртібі
- Тұрақты комиссиялар
- Мәслихат сессиясының төрағасы
- Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар
- Мәслихат регламентi
- Қарағанды қалалық мәслихатының Регламенті
- Мәслихаттың хатшысы
- Мәслихат депутаты
- Мәслихат аппараты
- Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер
- Байланыс ақпарат
- Мемлекеттік қызмет
- Медиагалерея
- Мұрағат
- Қалалық мәслихаттың жаңалықтары
- Қарағанды қаласының кұрметті азаматтары
- Атқарушы билік органдарының басшылары
- Мемлекеттік сатып алулар
- Өзекті ақпарат
- Жол жүру сызбасы
- Хабарландыру
- Азаматтық бюджет
- Нормативтік құқықтық актілер
- Қоғамдық кеңесі
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары
Бексултанов Кудайберген
.png)
Екі жоғары білімі бар, «тарихшы, тарих және әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін және «құқықтану» мамандығы бойынша «Болашақ» Қарағанды университетін бітірген.
Еңбек жолын 1976 жылы 10-шы Қарағанды дистанциясының дефектоскоптық арбаша операторының көмекшісі болып бастады.
1978-1988 жылдары - №139 ОКТУ, №30 ОКТУ өндірістік оқыту шебері.
1988-1999 жылдары - №26 ОКТУ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 1993 жылдан бастап Қарағанды облыстық халыққа білім беру бөлімінің №26 ОКТУ директоры.
1999-2011 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты және хатшысы болып сайланды.
2011 жылдың қараша айында Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі болып тағайындалды.
2016 жылдың наурыз айында Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты және бірінші ұйымдастыру сессиясында Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы болып қайта сайланды.
Құдайберген Бексұлтановтың бастамасымен 2006 жылы Қарағанды қалалық мәслихаты жанында қаланың жергілікті өкілді және атқарушы билігі мен азаматтық қоғам арасындағы диалог алаңы ретінде Қоғамдық сенім комитеті құрылды.
2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің құрамына енгізілді.
2019 жылдан бастап Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы болып табылады.
Қарағанды облысы бойынша үстел теннисі федерациясының мүшесі.
Экономиканы дамытуға, әлеуметтік салаға сіңірген еңбегі, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі - Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Отандық экономика жүйесін жетілдіруге бағытталған белсенді қызметі үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
II, III, IV, VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты және хатшысы болып сайланған.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты және қалалық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.
Үйленген, үш баласы бар.
Аширова Мадина Сафарбековна

1990 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды кооперативтік институтын «Экономика, бухгалтерлік есеп және шаруашылық есеп қызметін талдау» мамандығы бойынша, 2006 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
1990-1995 жылдары - балалар тауарларын сату бойынша бөлшек сауда кәсіпорындары шаруашылық есеп дирекциясының тауартанушысы.1995-2004 жылдары - «ҚИК» ЖШС бас бухгалтері, директоры.
2004-2005 жылдары - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2005-2011 жылдары - «Сайбер» ЖШС директоры.
2013-2014 жылдары - «Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ директоры.
2014-2019 жылдары - Қарағанды қаласы әкімдігінің Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы» КМҚК директоры.
2019 жылдың шілде айынан бастап «Қарағанды қаласы әкімдігінің Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Мәдениет және демалыс саябақтары» КМҚК директоры.
«Nur Otan» партиясының мүшесі, «Nur Otan» партиясының Қарағанды қалалық филиалының саяси кеңесінің және саяси кеңес бюросының мүшесі.
III, IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты және қаланың әлеуметтік саласы және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Екі баласы бар.
Ашимов Толеген Мукатаевич

1976 жылы №146 ОКТУ элекромонтер мамандығы бойынша, 1986 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды тау-кен техникумын (сырттай), 2008 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (сырттай), 2010 жылы «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (сырттай) оқып бітірді.
Еңбек жолын 1975 жылы Айнабұлақ ауылындағы «Сельхоз Энерго» тресінде электромонтер болып бастады, сол жерден Кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Демобилизациядан кейін, 1979 жылы Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы шахтаның ВТБ учаскесіне жер асты тау-кен жұмысшысы болып жұмысқа орналасты. 1981 жылдан бастап «Энергострой» СУ-да бетоншы, КМБ бригадирі болып жұмыс істеді, 1982 жылы комсомолдық жолдама бойынша «Қазметаллургстрой» трестінің ақ қаңылтыр цехының құрылысын салуға жіберілді.
Құрылыс аяқталғаннан кейін «Каруглестрой» тресіне жер асты электр слесарі, шебері болып жұмысқа қайта оралды. 1986 жылдан 1990 жылға дейін Қарағанды қаласының № 3 КМ өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеді.
1990 жылы «Аспап» ӨК жеке кәсіпорнын құрды, оны бүгінгі күнге дейін басқарып келеді.
Т.М. Әшімовтің бастамасы бойынша оралмандар, жұмыссыздар, студенттер (екінші мамандық) арасында жұмысшыларды құрылыс мамандықтарына қайта даярлау курстары ұйымдастырылды, олардың көпшілігі курсты бітіргеннен кейін әртүрлі құрылыс фирмаларына жұмысқа орналастырылды.
Үлкен қоғамдық жұмыстар жүргізеді: 2005 жылдан бастап «Тамды-Арқа» оралмандарға көмек көрсету қоғамдық қорын басқарады. «Тамды-Арқа» Қорының жұмыс істеген мерзімінде облыс әкімдігімен бірлесіп оралмандарды оңалту орталығын ұйымдастырды, ол ішінара демеушілік қаражат есебінен салынды.
Облыс әкімдігінің бастамасымен мешітте «Жәрдемдесу» көмек қоры ұйымдастырылды, оны Т.М. Әшімов басқарды, Оның басшылығымен №1 қалалық мешіт толық қайта құрылды, демеушілік қаражат есебінен медресе мен медресе жанынан спорт зал құрылысы салынды.
2008 жылдан бастап Қарағанды облысының ауыр атлетика федерациясын басқарады. Т.М. Әшімовтің бастамасы бойынша және оның қаражаты есебінен «Локомотив» спорт кешенінің ауыр атлетика залы қайта жаңартылды, оның есебінен жұмыс істейтін «Үш күрес» спорт залының құрылысы салынды.
ТЖ бойынша әлеуметтік-жауапты объектілерде, жер сілкінісінен кейін Луговой станциясын қалпына келтірумен айналысты, Көкпекті, Токаревка кенттерінде, Қарқаралы ауданының кенттерінде су тасқынынан кейін үйлерді қалпына келтірді және жаңа үйлердің құрылысын салды, Қарағанды мен облыстағы газ жарылысынан, өрттен және өзге де ТЖ-дан болған апаттардың салдарын жою жұмыстарына, атап айтқанда ғимараттарды, үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына қатысты.
2012 жылдан бастап «Қарағанды облысының құрылысшылар қауымдастығының» президенті болып табылады.
Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің мүшесі.
Қазіргі уақытта Т.М. Әшімов құрылысшыларға арналған оқу орталығын құру және құрылыс кластерін қалыптастыр бойынша жұмыс жүргізуде.
Марапаттаулары:
«Ерен кызметі үшін», «Шапағат», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдары; облыс және қала әкімінің көптеген грамоталары, Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаттары (2011ж., 2013ж., 2015ж.).
Қарағанды облысы әкімінің номинациясында «2003 жылдың үздік құрылысшысы», «ҚР Құрметті құрылысшысы», «ТКШ құрметті қызметкері» атақтарына ие болды.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
«Nur Otan» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесінің, «Nur Otan» партиясы Октябрь филиалының Саяси бюросының, «Nur Otan» партиясының Қарағанды филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі.
III, V, VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының және IV шақырылған облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Т.М. Әшімовтің белсенді депутаттық қызметінің арқасында облыста жас өнертапқыштардың «Жас талап» конкурсы сияқты шығармашылық жобалар ұйымдастырылуда, Б. Момышұлының 100 жылдығына арналған «Крюково ауылы астындағы шайқас», «Қошқарбаевтың ерлігі» әскери-тарихи шаралар жүргізілді, жастарды патриоттық тәрбиелеу бойынша ұқсас жобалар өткізу жоспарлануда.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып сайланды.
Үйленген, бес баласы бар.
Амиров Есжан Сарманкулович
.jpg)
1983-1985 жылдары - Алматы облысы Талғар ауданының № 29 ОМ музыка мұғалімі;
1985 -1986 жылдар - Жамбыл облысы Свердлов ауданының Мұратбаев атындағы орта мектепінің музыка және ән пәнінің мұғалімі;
1986-1994 жылдары - Свердлов ауданы Ақжар музыка мектебінің директоры;
1994-1996 жылдары - Жамбыл облысы Байзақ ауданынының жастар ісі, спорт және туризм комитетінің төрағасы;
1996-1997 жылдары - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің аппарат жетекшісі;
1997-1998 жылдары - Алматы қалалық жол қауіпсіздігі қорының директоры орынбасары;
1999-2001 жылдары - Алматы индустриалды – педагогикалық Академиясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры;
2001ж қаңтар – қыркүйек - Астана қаласының Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясының мемлекеттік қызмет орталығының және құқық институтының мәдени –тәрбие жұмысы жетекшісі;
2001 ж қыркүйек - 2002 ж наурыз - ҚР әділет және т.б мемлекеттік органдар қызметкерлерінің біліктілігін көтеру оқу – әдістемелік орталығының меңгерушісі;
2002 ж сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды гуманитарлық колледжінің директоры болып жұмыс істейді.
• 2004 жылы Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері атағы берілген;
• 2005 жыл II-Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер конкурсының лауреаты;
• 2008 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі;
• 2012 жылы «Білім саласына қосқан үлесі үшін» медалі;
• 2013 жылы «Мәдениет саласының үздігі» медалі;
• 2013 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы;
• 2013 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық « Бірлік» алтын медалі;
• 2015 жылы «Қазақстан Конститутциясына 20 жыл»
• 2015 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Корреспондент мүшесі
• « 2015 жылдың үздік басшысы» Ұлттық сертификат
• «Кәсіптік – техникалық білімге 75 жыл» медалі;
• «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі;
• 2016 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төс белгісі
• 2019 жылы Жамбыл облысы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі
«Nur Otan» партиясының мүшесі
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты және қаланың әлеуметтік саласы және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Ан Сергей Валентинович

1995 жылы «Оқытушы-бапкер» мамандығы бойынша Қазақ дене шынықтыру институтын оқып бітірді.
1987 жылдан бастап 1995 жылға дейін - №12 орта мектебінде қол жұмсайтын ұрыс бойынша нұсқаушы-бапкері болды.
1996 жылдан бастап 2000 жылға дейін - қол жұмсайтын ұрыс бойынша облыстық федерациясының вице-президенті.
2001 жылдан бастап 2005 жылға дейін - облыстық Кудо федерациясының вице-президенті.
2005 жылдан бастап 2008 жылға дейін – Республикалық Дайдо Джуку Кудо федерациясының вице-президенті.
2008 жылдан бастап NOMAD MMI ұлттық жекпе-жек түрінің дүниежүзілік федерациясының вице-президенті.
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін, «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген бапкері», «Жауынгерлік өнер шебері», «Еңбегі сіңірген ақылшы», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» төс белгілерімен марапатталған.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
IV, V, VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Үйленген, бес баласы бар.
Буранкулова Сания Нуртасовна

Есіл ауданының «Тәжірибелік станциясы» ауылдық дәрігерлік амбулаторияның бас дәрігері болып жұмыс істеген.
Арқалық қаласының облыстық ауруханасы базасында терапия бойынша интернатурадан өткеннен кейін, 1984 жылы еңбек жолын Есіл ауданының «Тәжірибе станциясы» ауылдық дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері ретінде бастады.
1985 жылдан бастап 1993 жылға дейін Теміртау қаласында «Карбид» ӨБ МСБ учаскелік терапевт қызметін атқарды.
1994 жылдан бастап 1998 жылға дейін - №4 қалалық емхананың учаскелік терапевті (Қарағанды қ.), Қарағанды қаласы №1 АМБ-нің №3 терапевтік бөлімшенің меңгерушісі.
1998 - 2004 жылдарда «Шипагер» ОДА аға дәрігері болып жұмыс істеді.
2004 жылы «Қарағанды қаласының «№3 емханасы» КМҚК директоры болып тағайындалды.
Дәрігер-терапевттің мерзімсіз жоғарғы санатының және денсаулық сақтауды ұйымдастырудың жоғарғы санатының иегері.
С.Н.Боранқұлованың басшылығымен №3 емхана Қазақстан Республикасындағы ең үздік емханалардың бірі болды (2012 ж.), ұжым «Кезексіз емхана», «Бүгін үздігі - сен, ертең – бәрі», «Парыз-2012» конкурстарының, «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» номинациясының жеңімпазы атағын жеңіп алды.
Облыстық отбасылық дәрігерлер қауымдастығының мүшесі, «Сала көшбасшысы 2014» ұлттық сертификатының иегері, «Кезексіз емхана» конкурсының екінші кезеңінің жеңімпазы (Лондонға сапармен марапатталды), «Рақымшылық» номинациясы бойынша «Замандас» сыйлығының лауреаты.
«Даңқ жұлдызы. Қазақстан экономикасы» орденімен, «Шапағат» медалімен,
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, ҚР мәслихаттарының 20 жылдығына орай мерекелік медальдарымен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Отличник здравоохранения Республики Казахстан» төсбелгісімен, «Жоғары оқу орнын дамытуға және медицина кадрларын даярлауға қосқан зор жеке үлесі үшін» ҚММУ мерейтойлық медалімен наградталды.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.III, IV және V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған болатын.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, экономика, даму бағдарламасы, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы болып сайланды.Тұрмыста, екі баласы бар.
Бекбатыров Назарбек Жокенович
.jpg)
1960 жылы 20 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген, ұлты – қазақ.
1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Құрылыс пәндерінің инженер-оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1984-1991 жылдары №-30 ОКТУ өндірістік оқыту шебері, 1985 жылдан бастап Қарағанды қаласының (№-8 ОКТУ,№-21 ОКТУ) директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
1991-1992 жылдары Қарағанды қаласы Совет ауданының ІІБ кезекші инспекторы болып жұмыс істеді.
1992-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясы жанындағы заң институтының аға оқытушысы, факультет деканы, басшысы.
2011 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының бастығы лауазымында қызмет атқарды.
2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып табылады.
Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін I, II және III дәрежелі «За безупречную службу в ОВД» («ІІО мінсіз қызметі үшін»), «За отличие в обеспечении правопорядка» («Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің үздігі үшін»), «Белсенді еңбегі үшін» медальдарымен; «За отличную службу в МВД» («ІІМ үздік қызметі үшін»), «Заслуженный работник МВД РК» («ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері») төсбелгісімен; «Nur Otan» партиясы төрағасының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатында «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының төрағасы болып сайланды.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Үйленген. Екі ұлы бар.
Баранов Анатолий Владимирович
.jpg)
2001 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша үздік бітірді. «Саясаттанушы. Саясаттану пәнінің оқытушысы» біліктілігі берілді.
2001-2003 жылдар аралығында «101 «Аян» эксперименталды нақты мектепте» келісімшарт бойынша география және тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Ұжымда және балалармен жұмыс істей білу тәжірибесіне ие болды.
Мінсіз еңбегі үшін алғыс хаттармен марапатталған.
2003 жылдан 2016 жылға дейін-«Алма-ТВ» АҚ ҚОФ-дағы еңбек қызметі, оны осы компанияда «Алма-ТВ» ЖШС Қарағанды қаласындағы филиалы директорының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары лауазымында аяқтады.
2018 жылы «ҚКХП"» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының екінші хатшысы болып сайланды, қайта ұйымдастырылғаннан кейін «ҚХП» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының екінші хатшысы лауазымында жұмыс істейді.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, сонымен қатар құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Үйленген, қызы бар.
Букенов Алтынторе Жангельдыевич
.jpg)
1995 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ «Қаржы және несие» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. 2001 жылы Л.Гумилев атындағы ЕҒУ-де экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алуға диссертациялық еңбегін қорғады.
1995-1999жж. – «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ ҚФ-да бухгалтерлік есеп және есептілік секторының бас бухгалтері; заңды тұлғалармен жұмыс бойынша сектор бөлімшесінің менеджері; кепілзат бөлімінің жетекші инспекторы; Несие беру басқармасының жетекші инспекторы болып жұмыс істеген.1999-2002 жж. – Қарағанды қаржы институтының проректоры;
1999 жылы облыстың Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарында «Протон» зымырантасығыш құлағаннан кейін халықтың әлеуметтік осал топтарынан балаларды тегін оқыту үшін 2 грант ұсынуға бастама жасады.
2002-2005 жж. – «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша Өңірлік филиалының директоры, Қарағанды қ.
2005-2007жж. – Қарағанды қаржы институтының проректоры.
2005 жылдан бастап Қарағанды Банк колледжі директорының орынбасары ретінде жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап колледж директоры болып тағайындалды.
ҚР білім саласының құрметті қызметкері.
А.Бөкенов – монографиялар, оқыту баспаларының, ғылыми баспалардың, халықаралық және республикалық басылымдардағы мақалалардың авторы.
2016 жылдан бастап - Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Директорлар кеңесінің Төрағасы.
Қарағанды облысы әкімдігінің кадрларды техникалық және кәсіптік білім беру және даярлауды дамыту Кеңесінің мүшесі болып табылады.
ҚТДҚ (қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығы) сертификатталған мүшесі. Қоғамдық бірлестік ЭЫДҰ қағидаттарында корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін енгізумен айналысады.
Марапаттаулары:
«Қазақстан тәуелсiздiгiне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихатына 25 жыл» мерейтойлық медальдар, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, ҚР Презинденті Н. Ә. Назарбаевтың (2011ж., 2015 ж.), ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың (2019 ж.), «Нұр Отан» ХДП, Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хаттары, Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасы.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
«Nur Otan» партияның қалалық филиалының «Оңтүстік-Шығыс» ПҚБ төрағасы. Партияның Қарағанды қалалық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесті басқарады. Партияның облыстық филиалы жанындағы «Білім» бағыты бойынша сараптама тобының құрамында.
VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, әлеуметтік сала және қала тұрғындарын әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып сайланды.
Үйленген, екі баласы бар.
Дедов Денис Виталиевич
.png)
Екі жоғары білімі бар. 1998 жылы «Инженер-механик» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын бітірді, 2017 жылы «Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шақырылды.Еңбек жолын 1995 жылы жеке кәсіпкер ретінде бастаған.
2005 жылы шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар шығаратын, өз өнімдерін Қарағанды және Ақмола облыстарында сататын «Дедов» ЖШС-нің жеке кәсіпорнын құрды. Қарағанды облысында 7 фирмалық дүкені, Қарағанды және Нұр-Сұлтан қалаларында бірнеше түрлі форматтағы мейрамханалары бар. Компания штаты 250 адамды құрайды.
2005 жылдан бастап жалпы басқару және өнеркәсіпті дамыту ерекшеліктері тақырыптарында түрлі тренингтер мен семинарлардан өтті.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, экономика, даму бағдарламасы, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Үйленген, екі қызы бар.
Дюсембаев Данияр Толеуович
.jpg)
1996 жылы Қарағанды металлургия институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қарағанды индустриялық университетін «Ұйымдар менеджменті» мамандығы бойынша оқып бітірген.
1996-2001 жылдары - Ақтау «Цемремонт» АҚ бас механигі.
2001 жылдың сәуір айынан 2001 жылдың қыркүйек айына дейін Теміртау қаласы әкімі жанындағы Мәдениет бөлімінің жетекші маманы.
2001 жылдың қыркүйегінен бастап «Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы» ЖШС директоры
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.Жумабеков Айбек Темирбаевич
.jpg)
1994 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша, 2000 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1992 жылдан 1994 жылға дейін «Политехник» СКК кикбоксинг бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істеді.
1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін - «Лаура» МУК іс басқарушысы.
1997 жылы «СФ Трейдинг» ЖШС-де менеджер болып жұмыс істеді.
1997 жылдан бастап 2000 жылға дейін - «Ер-Нур Сервис» ЖШС менеджері.
2000 жылдан бастап 2001 жылға дейін - «Резерв» РМК басқарушысының орынбасары.
2001 жылдан бастап 2011 жылға дейін - «Белый Ветер Компаниясы» ЖШС директорының орынбасары, 2011 жылдан бастап құқықтық мәселелер бойынша директордың орынбасары.
«Тритон 2003» құрылыс компаниясының президенті.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО спорт шебері, 10 жылдан астам Қарағанды облысының күрес федерациясының вице-президенті.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қолдаушы», «Еңбек сіңірген құрылысшы» медальдарымен, «Үздік депутат» төсбелгісімен, ҚР спорт министрінің, облыс және қала әкімінің Құрмет грамоталарымен, Қарағанды қаласы әкімінің «Жыл меценаты» грамотасымен марапатталған.
«NurOtan» партиясының мүшесі.
V, VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған.VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, экономика, даму бағдарламасы, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды.
Үйленген, үш баласы бар.Жунусов Елдос Бахтыбаевич
.jpg)
2015 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2017 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша магистратураны, 2020 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша докторантурасын тәмамдады.
2020 жылы құқықтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.
2015-2018 жылдары прокуратура органдарында жұмыс істеді.
2018 жылғы қарашадан бастап Қарағанды облысы заң консультанттары палатасының төрағасы болып табылады.
2019 жылы «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалын басқарды.
2020 жылы Орталық Қазақстан Академиясының проректоры болып тағайындалды.
«Nur Otan» партиясының Қарағанды қалалық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі.
ҚР Президенті сайлауын өткізуге белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың және Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаттарымен; кешенді әлеуметтік заң көмегін дамытуға және Қарағанды облысы Әділет департаментінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Әділет министрінің грамотасымен марапатталған.
«NurOtan» партиясының мүшесі.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, қалалық мәслихаттың заңдылық және адам құқықтары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары болып сайланды.
Зорин Борис Викторович
.jpg)
1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Стоматология» мамандығы бойынша, 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Персоналды басқару» мамандығы бойынша бітіріп, оған «Экономист» біліктілігі берілді.
1984-1995 жылдар аралығында стоматолог-дәрігерден Қарағанды қаласының «№3 қалалық стоматологиялық емханасының» бас дәрігеріне дейінгі еңбек жолын өтті.
1995-1996 жылдары - Қарағанды қаласының «Стоматологиялық бірлестігінің» бас дәрігері (1995 жылы №1 және №3 стоматологиялық емханалардың біріктірілуіне байланысты бас дәрігер болып тағайындалды).
1997 жылдан бастап Қарағанды қ. «Стоматологиялық бірлестік» ЖШС бас директоры.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медальдарымен; ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен және «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің Үздігі» («Отличник здравоохранения Республики Казахстан») құрметті атағымен, «Қазақстан Ұлттық стоматологтар қауымдастығының құрметті мүшесі»; облыс және қала әкімдерінің, «Нұр Отан» республикалық саяси партиясының Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаттарымен марапатталған.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
Бірнеше рет «Нұр Отан» ХДП съезінің делегаты болып сайланды.
2004-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Қарағанды қалалық филиалының төрағасы.
Қарағанды қалалық мәслихатының III, IV, V және VI шақырылымдарының депутаты болып сайланды.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, адам құқықтары және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып сайланды.
Үйленген, екі баласы бар.
Исаев Данияр Бауыржанович
.jpg)
2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2015 жылы Қазақ спорт және туризм Академиясын «Дене шынықтыру және спорт – каратэ» мамандығы бойынша, сол жылы European University (Халықаралық бизнес-мектеп) іскерлік әкімшілендіру магистрі (ІӘМ) оқып бітірген.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
2002-2007 жылдары-Алматы қаласы прокуратурасының бас маманы, прокурордың көмекшісі, прокурордың аға көмекшісі.
2007-2009 жылдары – «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ келісімшарттар департаментінің директоры, материалдық-техникалық жабдықтау және қойма қорларын басқару департаментінің директоры.
2009 - 2011 жылдары- «SilkNet» АҚ Тбилиси қ. филиалы директорының орынбасары, бас директорының кеңесшісі.
2011 жылдан 2013 жылға дейінгі кезең – «AIKAR Energy» ЖШҚ бас директоры (коммуникациялық жүйелердің құрылысы - газ құбырлары, су құбырлары, газдандыру).
2013-2016 жылдары – «Караганда Энергоцентр» ЖШС атқарушы директоры.
2016-2019 жылдары – «Қарағанды Су» ЖШС бас директоры.
2019-2020 жылдары Qazqarbon зауытының бас директоры.
2020 жылдың наурыз айынан бастап «Қарағанды Су» ЖШС бас директоры.
Қоғамдық жұмыспен айналысады, «Қазақстан Кекушинкай Каратэ-до федерациясы» РҚБ президенті, «Қазақстан барлық стильдегі каратэ федерациясы» РҚБ президенті, қара белбеуі бар.
2018 жылы-VI шақырылған қалалық мәслихатының депутаты бола жүріп, «Депутат» газетінің (Нұр-Сұлтан қ.) рейтингі бойынша қалалық мәслихаттың үздік депутаты атанды.
2020 жылдың желтоқсан айында «100 лет плану ГОЭЛРО» (Энергетик Күніне) медалімен марапатталған.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, адам құқықтары және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.
.
Камали Жибек Камалиевна
.png)
1982 жылы «Азық – түлік тауарларының тауартанушысы» мамандығы бойынша Қарағанды сауда - аспаздық техникумын, 1988 жылы – Қазтұтынуодағы Қарағанды коперативтік институтын, 2015 жылы- «Педагог-психолог» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдады.
1985-1995 жылдар аралығында «Гастроном» ШАК тауартанушы, сауданы ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.1995 жылдан бастап жеке кәсіпкер.
1997 жылы «Персона» фитнес-клубын құрып, осы уақытқа дейін басқарып келеді.
2006, 2008 жылдары Қазақстанның іскер әйелдерінің саммиттеріне қатысты.
Қарағанды қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі.
«Nur Otan» партиясының Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі.
«Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалының саяси көшбасшылық мектебінің мүшесі.
2019 ж. – «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» басшысы, Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің АМТ арнайы мониторингтік тобының мүшесі.
«Әйелдер көшбасшылығы мектебінің» жаттықтырушыларды даярлау бойынша аймақаралық тренинг сертификаты бар.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен, «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» медалімен, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін облыс және қала әкімінің грамоталарымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуына және қоғамда адалдық, әдептілік, парасаттық құндылықтарын нығайтуға қосқан үлесі үшін» («за вклад в реализацию антикоррупционной службы саясат және қоғамдағы адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайту»), ҚР Президентінің сайлау өткізуге белсенді қатысқаны үшін алғыс хатымен және Қарағанды қаласының облыстық спорт комитетінің алғыс хатымен, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2016» республикалық конкурсына қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, экономика, даму бағдарламасы, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болып сайланды.
Тұрмыста, екі баласы бар.
Күлмағамбет Бейбіт Оспанұлы
.png)
1982-1983 жылдары Сарышаған станциясы 7-ЖБ жолшы-жұмысшысы.
1983-1990 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыған.
1986-1988 жылдары КСРО Қарулы Күштерінде қызмет етті.
1990-2001 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасында оқытушы.
2001-2012 жылдар аралығында «BAURCAN» ЖШС директоры.
2012 жылдан бастап «Карагандинская фабрика восточных сладостей» ЖШС директоры.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды.
Үйленген, 3 баласы бар.
Кокрекбаев Марлен Каримович
.jpg)
М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Көлікте тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген, Біліктілігі - «Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру инженері». Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
2003 жылдан бастап Павлодар станциясының бастығы, «ҚТЖ»– «Қарағанды жол бөлімшесі» ҰК» АҚ филиалы директорының бірінші орынбасары, директордың жүк жұмысы жөніндегі орынбасары, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Семей ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры болып жұмыс істеді, қазіргі уақытта «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры болып жұмыс істейді.«Ерен еңбегі үшін» медалімен; «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі», «Адал еңбегі үшін», «Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» төсбелгісімен; «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің, Қарағанды облысы әкімінің, «Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің, «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасымен марапатталған.
IV шақырылған Семей қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, заңдылық және адам құқықтары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Ляпунов Андрей Васильевич
.png)
1988 жылдың сәуір айынан-Қарағанды ЖЭО-да машинист-қараушы.
Кеңес Әскері қатарындағы қызмет.
1990-2004 жылдар аралығында «Қарағанды Жылу» ЖШС турбина жабдығы бойынша машинист-қараушы, орталық кеңсесінің ӨТБ бастығы.
2006 жылдан бастап – «Джет» ЖШС ЖЭО директоры; 2006 жылдың сәуірінен бастап техникалық директор, 2007 жылдың наурызынан бастап Степногорск қ. «СтепногорскРемСервис» ЖШС Бас директоры.
2007 жылдың шілдесінен бастап – «Қарағанды Жылу» ЖШС техникалық директоры.
2008 – 2010 жылдары – «Караганда Энергоцентр» ЖШС бас директоры.
2010-2011 жылдары-Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.
2011 – 2014 жылдары – «Теплотранзит Караганда» ЖШС бас директоры.
2014 – 2017 жылдары-Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2017 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы тамызға дейін – «Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры.
2017 жылдың тамыз айынан бастап «Караганда Энергоцентр» ЖШС Бас директоры.
«Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін», Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, ҚР Президентінің сайлауын ұйымдастыруға қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталған.
ТМД еңбек сіңірген энергетигі.
V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, заңдылық және адам құқықтары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Үйленген, екі баласы бар.
Махамбетов Амиран Маратович

2006 жылы Қарағанды политехникалық колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2012 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқып бітірген.
2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет еткен.
2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында өндірістік оқыту нұсқаушысы болып жұмыс істеді.
2009-2011 жылдары Қарағанды қаласының Октябрь полиция бөлімінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор.
2011-2012 жылдары-Қарағанды қаласы ІІБ Жол полициясы бөлімінде анықтаушы.
ҚР ІІМ органдары жүйесіндегі қызметінен кейін құрылыс саласында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады.
Бүгінгі таңда бірнеше компаниялардың құрылтайшысы болып табылады.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, заңдылық және адам құқықтары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Үйленген, үш кәмелетке толмаған баласы бар.Маликова Эльмира Амангельдыевна

1996 жылы Балқаш педагогикалық колледжін «Бастауыш сынып және орта буын математикасы мұғалімі» мамандығы бойынша, 2005 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетін «Ағылшын тілі оқытушысы» мамандығы бойынша, 2011 жылы Мәскеу радио және телевидение жоғары мектебін «Телевизиялық бағдарламалардың редакторлық шеберлігі» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1996 жылы Балқаш қаласының Қоңырат кентіндегі №25 орта мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастады.1997-1999 жылдары «Эврика» ЖМ бастауыш сынып мұғалімі.
2003-2004 жылдары «Диапазон» Баспа үйінің» журналисі.
2004-2006 жылдары «Индустрия Казахстана» журналы бас редакторының орынбасары.
2006 жылдан бастап «QME» ЖШС консалтингтік компаниясының директоры.
Қазақстанның әйелдер күштері альянсының мүшесі және балалар қауіпсіздігі жөніндегі жобалардың үйлестірушісі.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Тұрмыста, екі баласы бар.
Нургожин Тимур Маратович
.png)
«Шұбаркөл Көмір»АҚ-да инженер болып жұмыс істеді.
2012-2014 жылдар аралығында «Мир Стекла» ЖШС-де менеджер, кейін директор болып жұмыс істеді.
2017 жылдан бастап «Eskolit» ЖШС директоры.
2017 жылы шыны-керамикалық қалдықтарды пайдалана отырып, инновациялық құрылыс материалын өндіруге ҚР БҒМ гранты алынды.
Үйленген, екі баласы бар.
Омурбеков Гали Алдабергенович
.jpg)
Еңбек жолын 1984 жылы ата-анасының ізімен Шахтер астық қабылдау пунктінде (АҚП) бастады.
1985 жылдан бастап 1987 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
1987 жылы әскерден оралғаннан кейін астық қабылдау пунктінде жұмысын жалғастырды. АҚП басшылығының шешімі бойынша кадрлар даярлау бойынша Алматыдағы бір жылдық мектепке жолданды.
1990 жылдан бастап 1991 жылға дейін «Ситалл» ӨК-де авто жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь, жабдықтау жөніндегі бастық болып жұмыс істеді.
1991 жылдан бастап 1994 жылға дейін Нұра асыл тұқымды совхозында жұмыс істеді.
1994 жылдан бастап 1998 жылға дейін «Асқар» ЖШС жүргізуші, «Жигули» ТҚС, 1998 жылдан бастап қосалқы жұмыс ретінде «Белый налив» ЖШС менеджер.
2002 - 2005 жылдар аралығында «Белый налив» ЖШС бас менеджері, 2003 жылдан бастап директордың орынбасары.
2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ТАНҒАЛИ» ЖШС директоры, құрылтайшысы.
«Ақ жол» партиясының мүшесі.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, заңдылық және адам құқықтары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Үйленген, екі баласы және төрт немересі бар
Полтаренко Дмитрий Сергеевич
.png)
2000 жылы РМГУ Саратов филиалын «Менеджер-маркетолог» мамандығы бойынша бітірді.
1999-2001 жылдары «Варна» ЖШС-де сату жөніндегі менеджері/экспедитор.2001-2002 жылдары «Газета «Карагандинский вестник» ЖШС-де журналист.
2002-2004 жылдары «Білім» ӨК дамыту жөніндегі менеджер.
2004 - 2006 жылдары – «Твоя газета» ЖШС редактор, басқарушы менеджері.
2006 жылы «Әлем» ЖШС «Сеть» жарнамалық-ақпараттық журналында беттеуші, техникалық редактор.
2006 жылдың қараша айынан бастап Полтаренко (Дизайн студиясы) ЖК жетекші дизайнер-полиграфист, менеджер.
2007 жылдың қаңтар айынан бастап «Граждане Казахстана» ҚБ жобаларының атқарушы үйлестірушісі, шеф-редактор.
2020 жылдан бастап ҚР АҚДМ дін істері комитетінің ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медальдарымен; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Құрмет грамотасымен; ҚР ІІМ, ҚР БҒМ, Қарағанды облысы әкімінің, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының, Қарағанды облысының білім басқармасының, Қарағанды облысының балалар құқықтарын қорғау департаментінің, Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасының, «Нұр Отан» партиясының ҚОФ, Қарағанды қаласы әкімінің, ЖОО, қоғамдық ұйымдардың алғыс хаттарымен және грамоталарымен; рухани және патриоттық тәрбие жөніндегі материалдарды жариялағаны үшін «Шаңырақ» республикалық конкурсының дипломымен марапатталды.
2011 жылы-Қарағанды қаласының дамуына қосқан үлесі үшін «Замандас» байқауында ҮЕҰ үздік басшысы ретінде «Ұстаным» номинациясында жеңімпаз болды.2019 жылы- Қарағанды облысында Дін мәселелері бойынша үздік лектор ретінде атап өтілді.
Қарағанды облысының Азаматтық қоғамдастығының белсенді қатысушысы.
«Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігін құрудың бастамашысы, директоры/жобалар жетекшісі.
Қарағанды облысының Азаматтық Альянсының белсенді мүшесі.
Қарағанды қаласы әкімі жанындағы ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі.
Көптеген әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бастамалардың авторы, бастамашысы және үйлестірушісі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық форумдарының делегаты (2011, 2018 ж.ж.).
2012 жылдан бастап «Замандас» байқауының ұйымдастыру комитетінің және «Біз қарағандылықтармыз» жобасының құрамында.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Платонова Марина Сергеевна
.png)
2008 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша үздік бітірді.
Қазіргі уақытта Мәскеу қ. «City Business School» MBA General курсында оқиды.
2020 жылдан бастап «Қарағанды облысы бойынша Әйелдері Күштерінің Альянсы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ төрайымы.
«ҚР Кәсіби Бухгалтерлер палатасының» БКҰ, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Құрылыс комитетінің, Қарағанды облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі болып табылады.
Тұрмыста, бір баласы бар.
Райымбеков Тимур Кайратович
.png)
2010 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Мұнай және газ геофизикасы» мамандығы бойынша, 2013 жылы Түмен мемлекеттік мұнай-газ университетін «Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау және пайдалану» мамандығы бойынша, 2019 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқып бітірген.
2010-2012 жылдары «КазТрансОйл» АҚ-да жұмыс істеді.2011-2018 жылдар аралығында – «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының директоры.
2018 жылдан бастап - «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» ҚБ төрағасы. Кекушинкай каратэдан Қарағанды облысы құрамасының бас бапкері.
Кекушинкай каратэ бойынша жетістіктер:
Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (Испания, Барселона, 2010ж)
Әлем Кубогының қола жүлдегері (Астана қ., 2011ж.)
Еуропа чемпионы (Италия, Таранто 2012 ж.)
Еуропа чемпионы (Германия, Швайнфурт 2013 ж.)
Ресей Ашық чемпионатының қола жүлдегері (Ресей, Мәскеу 2013 ж.)
Еуропа чемпионы (Мәскеу қ. 2015 ж.)
Әлем Кубогының чемпионы (Швайнфурт қ., Германия 2015 ж.)
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Жапония, Окинава 2017 ж.)
Еуропа чемпионы (Швеция, Гетеборг 2018 ж.)
«Oyama Cup» халықаралық турнирінің чемпионы (Барселона, Испания 2019 ж.)
Қазақстан Республикасының 10 дүркін чемпионы.
Қарағанды облысындағы «Әр аулада каратэ» бағдарламасының ұйымдастырушысы. 2017 жылы ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдай отырып «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» ҚБ қаражатына салынған «Әрбір аулада каратэ» бағдарламасы бойынша (Қарағанды қ., Язев к-сі, 17/1) алғашқы объектінің ашылуы өтті. Абаттандыру - аула клубын, футбол алаңын, балалар ойын алаңын және стритворкаут көше тренажерлерін орнату.
«Мейірімділік кубогында» «ЕРЕН ЕРІКТІЛІК» номинациясының жеңімпазы (2018ж.).
Т.К. Райымбеков 2018 жылы Қарағанды қаласында алғаш рет «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» РҚБ президенті Т. Т. Найзабековпен (7 дан) бірлесіп кекушинкай каратэдан балалар мен жасөспірімдер арасында III Әлем чемпионатын ұйымдастырып, өткізді. Чемпионатқа әлемнің 25 елінен спортшылар қатысты, соның ішінде Жапония, Ресей, Иран, Белоруссия, Германия, Армения, Әзірбайжан елдерінен.
Үйленген, үш баласы бар (екі қыз және ұл).
Рахимбергенов Нурлан Балтабаевич
.jpg)
1986 жылдан бастап 2011 жылға дейін «Көркейту» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істеді.
2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін - «ГорКомТранс» ЖШС директоры.
2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - «Көркейту» КМК директоры.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Шахтинскводоканал» ЖШС директор лауазымында жұмыс істейді.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
III, IV, V және VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, қаланың құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Үйленген, үш баласы бар.
Упабеков Адиль Есенович
.png)
2009 жылдан бастап «НПО Дефектоскопия» ЖШС компаниясының тең құрылтайшысы және негізін қалаушы.
«АТАМЕКЕН» ҰКП Қарағанды облысы өңірлік кеңесінің мүшесі, Үкімет пен бизнес арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелерге қатысады.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.
Үйленген.
Шалабаева Зара Хамитовна
.png)
2004 жылы «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «Экономикалық қызмет саласындағы заңгер» мамандығы бойынша оқып бітірді.
2006-2008 жылдары – «Юраудит» ЖШС заңгер.
2008-2018 жылдары – «Зигер Караганда» ЖШС заңгер.
2018 жылдан бастап «Оптимус КЗ» ЖШС заңгер болып жұмыс істейді.
«Қарағанды облысы бойынша Әйелдер Күштері Альянсы» ЗТБ мүшесі.
Марапаттары: «Халық алғысы» медалі, «Халыққа қызмет ету» номинациясы бойынша Замандас сыйлығы.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, қалалық мәслихаттың экономика, даму бағдарламасы, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болып сайланды.Тұрмыста, үш баласы бар.
Последнее редактирование информации: 15 Ноября 2022 09:21