Мәслихат сессиясының төрағасы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес
1. Мәслихат сессиясының төрағасын мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.
2. Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады. Мәслихат сессиясының төрағасын сайлау тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi.
3. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.
4. Мәслихат сессиясының төрағасы:
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
2) мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады;
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
5. Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады.
6. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
Последнее редактирование информации: 18 Февраля 2021 10:59