
- Мәслихат
- Мәслихаттың шешімдері
- Жалпы ережелер
- Мәслихаттың актiлерi
- Мәслихаттардың құзыретi
- Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi
- Мәслихат жұмысын ұйымдастыру
- Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi
- Мәслихаттар мен әкiмдiктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер
- Мәслихаттарды құру тәртiбi
- Мәслихат сессияларын өткізу тәртібі
- Тұрақты комиссиялар
- Мәслихат сессиясының төрағасы
- Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар
- Мәслихат регламентi
- Қарағанды қалалық мәслихатының Регламенті
- Мәслихаттың хатшысы
- Мәслихат депутаты
- Мәслихат аппараты
- Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер
- Байланыс ақпарат
- Мемлекеттік қызмет
- Медиагалерея
- Мұрағат
- Қалалық мәслихаттың жаңалықтары
- Қарағанды қаласының кұрметті азаматтары
- Атқарушы билік органдарының басшылары
- Мемлекеттік сатып алулар
- Өзекті ақпарат
- Жол жүру сызбасы
- Хабарландыру
- Азаматтық бюджет
- Нормативтік құқықтық актілер
- Қоғамдық кеңесі
Атқарушы билік органдарының басшылары
НҰҒМАНОВ Керей Дизайтлеұлы
1913 жылы 2 сыныптық училищеде, 1913 жылдан 1914 жылға дейін Орал қолөнер мектебінде, және де телеграфшы мамандығы бойынша пошталық-телеграфтық курстарында.
1931 жылдан 1932 жылға дейін Қазақ медициналық институтында оқыған (Алматы қ.), бірінші курсты бітіргеннен кейін оқудан кетті. 1934 жылы Орал-Қазақ өнеркәсіптік академиясына түсті.
Еңбек жолын 1913 жылы Орал қаласында кеңсе тіркеушісі болып бастады, содан кейін 1914-1915 жж. аймақ шаруашылықтарында есептеуші, аула сыпырушы. Лбищенск қаласында шабар (курьер), ояз бастығында көшіруші болды. 1916 жылы – Колмыково поселкесінде пошта бөлімінің телеграфшы, кейінен – кеңсе бастығының көмекшісі. Әскерде қысқа мерзімдік қызметтен кейін (Самара қ., Саратов қ.), 1918 жыл бойы – партиялық және кеңестік жұмыстарда. БКП (б) ояздық комитетінің жауапты хатшысы, ояздық атқару комитетінің төрағасы (Батыс Қазақстан).
1926 жылдан – губерниялық ұйымдардың қызметкері (Орал қ.): губерния, содан кейін аймақтық қаржы бөлімінің тексерушісі. 1930 жылы «Бұлақ» ауылшаруашылық коммунасын басқарды (Кулаково хуторы).
1931 жылдан Алматы халықтық қаржы коммисариятында, медициналық институтта (ғылыми-оқу бөлімінің хатшысы, директор орынбасары), облтұтынуодағында (төраға орынбасары), облыстық атқару комитетінде (төраға бірінші орынбасары).
БКП (б) Қарағанды облыстық комитеті бюросының 1934 жылғы 7 қыркүйектегі қаулысымен Қарағанды қалалық кеңесінің төрағасы болып бекітілді.
1929 жылы Орал қаласында мемлекеттік аппаратының «Тексерілген деп есептелсін» нәтижесімен тазалауынан өтті. К.Д. Нұғмановтың әрі қарай өмірі мен қызметі туралы мәліметтер жоқ.
ТӘЖІБАЕВ Дүйсен
КӨРПЕБАЕВ Жүніс Көрпебайұлы

1921 ж. Павлодар қаласында 3 айлық партиялық курстарын, 1924-1925 жж. аралығында Орынбор қаласында 4 айлық кәсіподақтық мектепті, 1930 ж. Мәскеу қаласында БКП (б) ОК жанындағы марксизм курстарын аяқтаған.
1912-1919 жж. – «Қарағандыкөмір» трестінің шахтасында сорттаушы, ырғақшы, тартып шығарушы.
1919-1922 жж. – Павлодар облысының Екібастұз көмір кендерінің забойшысы.
1922 ж. – Қызыл Әскер қатарында.
1922-1926 жж. – Семей ет комбинатының қара жұмыскері.
1926-1927 жж. – Семей ет комбинатының шебер көмекшісі.
1927-1928 жж. – Қала кеңесінің жауапты хатшысы, Семей қаласының ГубКК БКП (б) саяси коллегиясының мүшесі, Павлодар қаласының округтік кәсіподақтықкеңесінің төрағасы.
1930-1934 жж. – Алматы қаласының Қазаймақ КК БКП (б) саяси коллегиясының жауапты хатшысы.
1934-1935 жж. – Алматы қаласының қой өсіру трестінің директоры.
1935 жылдан – Алматы қаласының облыстық кәсіпкеңесінің төрағасы.
1936-1937 жж. – Қарағанды қаласының қалалық кеңесінің төрағасы, Қарағанды қаласының БКП (б) ОК жанындағы КПК саяси коллегиясының жауапты хатшысы.
1937-1938 жж. – Семей қаласының БКП (б) ОК жанындағы КПК саяси коллегиясының жауапты хатшысы.
1938-1939 жж. – Республика прокуроры.
1939 жылдан ... – Қарсақпай ауданы Байқоныр поселкесінің Байқоныр көмір кендерінің директоры.
ЖӘНІБЕКОВ Әбдірахман

1927 ж. Қостанай облысы Қарабалық ауданының жетіжылдық мектептің 6 сыныбын бітірген. 1940-1941 жж. – Қаз ЕСР ХКК жанындағы Кеңес басқарушы қызметкерлер курсында оқу. 1946-1948 жж. – Қазақстан КП (б) ОК жанындағы партия мектебінде оқу.
1929-1931 жж. – Қостанай облысының бастауыш мектебінің мұғалімі.
1931-1933 жж. – Қарағанды қаласының көмір өндірушілер одағы кәсіпмектебінің мұғалімі.
1933-1934 жж. – Қарағанды қаласының көмір өндірушілер одағының орындауды тексеру тобының басшысы.
1934-1936 жж. – «Қарағандыкөмір» транспорттық басқармасының жергілікті комитет төрағасы.
1936-1937 жж. – Қарағанды қаласы № 1 шахтасының шахтерлер комитетінің төрағасы.
1937-1938 жж. - әлеуметтік сақтандыру бөлімінің меңгерушісі және Қарағанды қаласы көмір өндірушілер аудандық комитетінің төрағасы.
1938-1939 жж. – Қарағанды қаласының жұмысшылар депутаттарының қалалық кеңесі төрағасының м. а.
1939-1942 жж. – Қарақаралы жұмысшылар депутаттарының аудандық кеңес атқарушы комитетінің төрағасы.
1942-1946 жж. – Қоңырат Қ (б) КП РК бірінші хатшысы.
1946-1948 жж. – Қ (б) КП жанындағы партия мектебінің тыңдаушысы.
1948-1953 жж. – Қарқаралы РК КПК бірінші хатшысы.
1953-1955 жж. – Жезқазған РК КПК бірінші хатшысы. 1955 жылдан – Жезқазған-Ұлытау ГРП Қаргеологобасқармасы бастығының саяси бөлімі бойынша орынбасары.
1956 жылдан ... – Жезқазған-Ұлытау ГРП Қаргеологобасқармасы партиялық ұйымының хатшысы.
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен, «I дәрежедегі Отан соғысы».
КИСЛЕНКО Василий Яковлевич

1911 жылы Шахты қаласының 4 сыныптық бастауыш училищесін бітірген.
1911-1914 жж. – дүкендерде батырақ, бұйрықшы.
1914-1918 жж. – Парамонов шахтасында ағытушы, Чурилин шахтасында артқа қайтарушы, Бережный шахтасында вагоншы.
1927-1928 жж. – Шахты қаласының кеншілер округтік комитетінің нұсқаушысы.
1928-1929 жж. – БКП (б) округтік комитетінің нұсқаушысы, Шахты қаласының кеншілер округтік комитеті бөлімінің нұсқаушысы.
1929-1930 жж. – Шахты қаласының БКП (б) РК округтік комитетінің хатшысы.
1930-1932 жж. – Мәскеу қаласының Я.М. Свердлов атындағы Коммунистік университетінде оқу.
1932-1933 жж. – Қарағанды қаласының КП (б) К қала комитетінің ұйымдастыру комитетінің меңгерушісі.
1933-1935 жж. – Петропавл қаласының КП (б) К Облыстық комитетінің өнеркәсіптік транспорттық секторының меңгерушісі, «Қарағандыкөмір» трестінің 18 бис шахтасы аймақтық комитетінің парторгы.
1935-1937 жж. – «Қарағандыкөмір» трестінің кадрлар бөлімінің бастығы, кен техникумының директоры.
1937-1939 жж. – «Қарағандыкөмір» трестінің № 7 шахта меңгерушісі.
1939-1942 жж. – Қарағанды еңбекшілер депутаттар қалалық кеңесінің төрағасы.
1942-1943 жж. – «Қарағандыкөмір» комбинатының «Ленинкөмір» тресті басқармасының меңгерушісі.
1943-1944 жж. – Қарағанды КП (б) К ҚК хатшысының орынбасары.
1944 жылдан ... – «Қарағандыкөмір» комбинаты басқармасы бастығының орынбасары.
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
КОСТЕНКО Петр Иванович

1911-1919 жж. – Темір жол, кейін қалалық әскери бастауыш училищесінде оқу.
1931-1932 жж. – Ленинград қаласындағы қаржы қызметкерлерінің Орталық курстарында оқу.
1916-1921 жж. – Темір жолының ремонттық жұмыскері, жеке өндірісте қол асты жұмыскері, шөп қаптау бекетінің аспашысы, Минеральные Воды қаласының өткізу бюросының ТЖК қызметкері.
1921-1926 жж. – Минеральные Воды аудандық атқару комитеті істерімен басқарушысы.
1926-1931 жж. – кеңес сауда қызметкерлер одағы аудандық бөлімінің төрағасы, Минеральные Воды қаласының аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі.
1932-1936 жж. – облыстық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Семей облыстық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
1936-1938 жж. – Қарағанды қаласының жинақ кассаларының облыстық басқармасының бастығы.
1938-1942 жж. – Қарағанды облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
1942-1947 жж. – Қарағанды қалалық атқару комитеті төрағасы.
1947 жылдан – Мәскеу қаласындағы ЖПМ жанындағы басқарушы партиялық кеңестік қызметкерлерді қайта даярлау курстарының оқушысы.
1947-1953 жж. – Қарағанды атқару комитетінің төрағасы.
«Құрмет белгісі», «II дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
СУНОЗОВ Григорий Яковлевич

1929-1933 жж. – Мәскеу қаласының Шығыстану институтының дайындық бөлімінде оқу.
1927-1929 жж. – «Мономер» зауытының аспапшысы.
1929-1930 жж. – Мәскеу қаласының Бауман ауданының «Эмбамұнай» жабдықтау бөлімінің меңгерушісі.
1930-1931 жж. – Мәскеу қаласының «Одақмұнай» мұнаймен жабдықтау басқарушысының көмекшісі.
1933-1934 жж. – Оңтүстік-Қазақстан облысы Бостандық МТС саяси бөлімінің бастығы.
1934-1937 жж. – Батыс-Қазақстан облысының Зеленовская МТС саяси бөлімі бастығының орынбасары.
1937-1938 жж. – Батыс-Қазақстан облкомитетінің ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі.
1938-1942 жж. – Батыс-Қазақстан Мұнайөткізудің басқарушысы.
1942-1943 жж. – Ақтөбе қаласының Теміртау аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1943-1946 жж. – Ақтөбе облыстық комитетінің ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі.
1946-1949 жж. – Гурьев облыстық комитетінің екінші хатшысы.
1949-1951 жж. – Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебінің тыңдаушысы.
1951-1953 жж. – Қарағанды қалалық комитетінің екінші хатшысы.
1953-1957 жж. – Қарағанды қалалық кеңесінің атқару комитетінің төрағасы.
1957-1960 жж. – Қарағанды қ. облыстық кеңесінің жергілікті өнеркәсіп басқармасының бастығы.
1960 жылдан бастап ...- көшіп қону және жұмыскерлер ұйымдастық жалдау облыстық басқармасының бастығы.
«Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
ҚОНАҚБАЕВ Қасқатай Досұлы

1930-1932 жж. – Қарағанды ФЗС-ында.
1933-1936 жж. – Петропавл қаласының педагогикалық училищесінде.
1938-1940 жж. – Алматы қаласының мұғалімдер институтында оқу.
1936-1938 жж. – Қарағанды облысы Тельман ауданы Токаревка селосы толық емес орта мектебінің мұғалімі, оқу бөлімінің меңгерушісі.
1940-1941 жж. – Краснодар қаласының әскери училищесінің курсанты.
1941-1944 жж. – Забайкальск әскери округы 31 гвардия минометтік полкінің батарея взводінің командирі.
1944-1946 жж. – 3 Белорус майданының 317 гвардия минометтік полкінің батарея командирі.
1946-1947 жж. – Қарағанды жұмысшылар депутаттары қалалық кеңесінің хатшысы.
1947-1948 жж. – Қарағанды қалалық комитетінің кадрлар бөлімінің меңгерушісі.
1948-1952 жж. – Қарағанды жұмысшылар депутаттары қалалық кеңесінің хатшысының бірінші орынбасары.
1952-1954 жж. – Теміртау қалалық кеңесінің екінші хатшысы.
1956-1957 жж. – Қарағанды қаласының жергілікті және отын өнеркәсібінің облыстық бөлімінің меңгерушісі.
1957-1967 жж. – Қарағанды жұмысшылар депутаттары қалалық кеңесінің атқару комитетінің төрағасы.
I және II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Кенигсбергті алғаны үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарімен марапатталған.
ТӨЛЕПОВ Нарманбет Оспанұлы

1944 жылы жетіжылдық мектепті бітірген.
1945 жылдан 1948 жылға дейін – Омбы педагогикалық училищесінде оқу.
1950 жылдан 1954 жылға дейін – Алматыда Абай атындағы институтында оқу.
1960 жылдан 1963 жылға дейін Қарағанды өндірістік техникумында оқу.
1963 жылдан 1969 жылға дейін – Қарағанды политехникалық институтында оқу.
1944 жылдан 1945 жылға дейін – Омбы облысы Мариановск ауданы Есіркеп колхозының есептеушісі.
1948 жылдан 1950 жылға дейін – Омбы облысы Мариановск ауданы Краснопаххарь бастауыш мектебінің меңгерушісі.
1954 жылдан 1955 жылға дейін – Қарағанды қаласының № 2 ОМ мұғалімі, Шахтинск қалалық аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
1955 жылдан 1959 жылға дейін – Қарағанды қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
1959 жылдан 1961 жылға дейін – Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы.
1961 жылдан 1964 жылға дейін – Шахтинск қалалық кеңесінің екінші хатшысы.
1964 жылдан 1967 жылға дейін – Киров аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1967 жылдан 1975 жылға дейін – Қарағанды жұмысшылар депутаттары қалалық кеңесінің атқару комитетінің төрағасы.
1975 жылдан 1979 жылға дейін – «Қарағандыкөмір» ӨБ Костенко атындағы шахта директорының өндіріс бойынша орынбасары.
1979 жылдан бастап ... – Қарағандыкөмір» ӨБ Костенко атындағы шахта тау жұмыстарының меңгерушісі.
«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
БАЙДІЛДИН Болат Абдрахманұлы

1945 ж. мектепті бітірген.
1950 ж. Алматы қаласында Қазақ тауметталургия институтын, 1958 жылы Қарағанды қаласында Қазақ тауметталургия институтын бітірген.
1951-1953 жж. – «Ленинкөмір» трестінің № 20 шахтаның учаске бастығының көмекшісі, учаске бастығы, бас инженер көмекшісі.
1953-1954 жж. – «Ленинкөмір» трестінің № 19 бис шахтаның желдеткіш учаскесінің бастығы, учаске бастығының көмекшісі.
1954-1955 жж. – «Ленинкөмір» трестінің бас инженерінің көмекшісі.
1955-1956 жж. – «Ленинкөмір» трестінің № 37 шахтаның желдеткіш учаскесінің бастығы, учаске тау-кен шебері.
1956-1957 жж. - № 3 шахтаның учаске бастығының көмекшісі, «Кировкөмір» трестінің техбөлімінің инженері.
1957-1960 жж. – «Кировкөмір» трестінің № 3 бис шахтаның учаске бастығының көмекшісі, бас инженер көмекшісі, ОКР учаскесінің бастығы.
1961-1963 жж. – Қазақстан Компартиясы Киров аудандық комитетінің екінші хатшысы.
1963-1967 жж. – Қарағанды қалалық партиялық бақылау комитетінің төрағасы.
1967-1970 жж. – Шахтинск қалалық халық депутаттары атқару комитетінің төрағасы.
1970-1975 жж. – Қарағанды қаласының Октябрь аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1975-1979 жж. – Қарағанды қалалық халық депутаттары атқару комитетінің төрағасы.
1979 жылдан – «Қарағандыкөмірқұрылыс» трестінің № 2 ШСБ бас инженері, «Қарағандыкөмірқұрылыс» трестінің бас инженері.
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
АБДРАХМАНОВ Байболат

1959 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген.
20 жыл бойы Қарағанды шахталарында жұмыс істеген, тау-кен шеберінен «Северная» шахтасының директорына дейін еңбек жолын өтті.
1979 ж. Көмір өнеркәсібі министрінің бұйрығымен «Қарағандыкөмір» ӨБ экономика бойынша директоры болып ауыстырылды. Осы жылы Қарағанды қалалық халық депутаттары атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Осы қызметте 1984 жылға дейін еңбек етті.
1984 жылы ШығысҒЗИ (Ресей) институтының ғылым бойынша директордың орынбасары – ШығысҒЗИ Қарағанды бөлмшесінің басшысы болып тағайындалды, қайсысы 1992 жылы тау-кен өнеркәсібінде жұмыс қауіпсіздігі бойынша Қазақ Мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтына, ал 2000 жылы ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша «Тау-кен өнеркәсібінде жұмыс қауіпсіздігі бойынша Қазақ Мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты» РМҚК қайта құрылды.
Адам және табиғат қауіпсіздігі, экология Халықаралық Ғылымдар Академиясының академигі, ҚР Минералдық ресурстар Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланған, жаратын жұмыстар бойынша Республикалық Ведомствоаралық Кеңесінің мүшесі болып табылады.
35 ғылыми еңбектер және 8 өнертабыс авторы, 25 ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми басшысы және тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша 50 астам нормативтік-құқықтық құжаттардың авторы.
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Шахтер Даңқы» белгісінің толық кавалері, Қазақстан Республикасының Құрметті кеншісі.
Қазіргі уақытта тау-кен өнеркәсібіндегі қауіпсіз жұмыстар бойынша Қазақ Мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының директоры болып қызмет етеді.
МҰСӘЛІМОВ Идеал Ғалиұлы

1948 жылдан 1958 жылға дейін – Теміртау қаласының № 1 ОМ оқыған.
1958 жылдан 1964 жылға дейін – Қарағанды Политехникалық институтында оқыған.
МҚЗ жұмысқа жіберілді, онда 1964-1975 жылдарға дейін смена мастерінен бас инженерге дейінгі еңбек жолын өтті.
1975 жылдан Қарағанды «Құрылыспластмасс» комбинатын басқарған.
1985 жылдан 1990 жылға дейін – «Қазқұрылысполимер» бас директоры.
1994 жылдан 1995 жылға дейін – «Қазқұрылысполимер» АҚ президенті болған.
1995 жылдан 1997 жылға дейін – Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары.
1997 жылдан бастап «Құрылыспластмасс» ААҚ президенті.
Қалалық және облыстық Кеңестері атқару комитетінің төрағасы болып сайланды, сонымен қатар жергілікті және ҚазССР-ы халық депутаттары Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.
«10 –шы бесжылдық, 11-шы бесжылдықтың үздігі» жалпыодақтық белгілерімен марапатталған.
Қарағанды қаласының Құрметті азаматы.
ІЛІЯСОВ Ремқұл Көшкімбайұлы

1954 жылы Батпақ селосында 7 сыныпты бітірді.
1954-1958 жж. – Қарағанды тау-кен техникумында оқу.
1961-1967 жж. – Қарағанды политехникалық институтында оқу.
1974-1977 жж. – Мәскеу қаласындағы КОКП ОК жанындағы партия мектебінде оқу.
1958-1961 жж. – «Қарағандыөнеркәсіпүйқұрылыс» трестінің Шығыс құрылыс басқармасының тасшысы, Прикарпатск әскери округінің № 01891 әскери бөлімінің курсанты, Прибалтика әскери округінің № 02207 әскери бөлімінің курсанты, кеңсе хатшысы, аға кеңсе хатшысы.
1961-1963 жж. – Шығыс құрылыс басқармасының шебері.
1963-1964 жж. – «Қарағандыүйқұрылыс» трестінің № 3 құрылыс басқармасының прорабы.
1964-1973 жж. – Батыс-Қазақстан үйқұрылысы комбинатының прорабы, «Қарағандықұрылысмеханизация» трестінің № 2 басқармасының шебері, «Қарағандыүйқұрылыс» трестінің № 3 құрылыс басқармасының шебері, прорабы, аға прорабы, бас инженері.
1973-1980 жж. – Ленин аудандық комитетінің екінші хатшысы, Қарағанды облыстық кәсіби-техникалық білім басқармасының бастығы.
1980-1985 жж. – Теміртау қалалық комитетінің хатшысы, Теміртау қалалық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің төрағасы.
1985-1988 жж. – Қарағанды қалалық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитеті төрағасының м. а., төрағасы, Қарағанды облыстық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің бөлім меңгерушісі.
1987 жылдан бастап... – «Қарағандыауылқұрылыс-10» трестінің басқармасы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.
ОРАЗӘЛИНОВ Шәймерден Әбілмәжінұлы

1965 жылы институтты аяқтап, кен инженері-технолог мамандығына ие болды.
№ 38 байыту фабрикасында мастер, смена бастығы, содан кейін пайдалы қазбаларды байыту институтында топ жетекшісі, аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.
1972 жылы Қаз ССР-і Ғылым академиясының жанындағы аспирантураға сырттай оқуға түсті.
1975 жылы КБФ бас инженері, 1981 жылдан бастап ОБФ директор, 1984 жылдан Октябрь аудандық атқару комитетінде төраға болып қызмет атқарды. 1987 жылдан бастап қалалық атқару комитетінің төрағасы, қалалық әкімшіліктің әкімі, Қарағанды қаласының әкімі, 1997 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімінің Кеңесшісі, Қарағанды облысы әкімі жанындағы тәртіптік кеңестің төрағасы қызметтерін атқарды.
Аудандық, қалалық Кеңестерге және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутат болып сайланды.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Қарағанды қаласының Құрметті азаматы.
ФИЛАТОВ Николай Васильевич

1968 жылдан 1969 жылға дейін – «Жамбылтеріаяқкиім» бірлестігінің жұмыскері.
1969 жылдан – «Оңтүстікқазэнерго» Жамбыл ГРЭС-ің темірлер және дәнекерлеу лабораториясының лаборанты.
1969-1972 жж. – Кеңес Әскер қатарында қызмет етті.
1978 жылы Жамбыл қаласында Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің технологиялық институтын бітірді.
1978 жылдан 1984 жылға дейін – Целиноград нан комбинатының бас инженері.
1984 жылдан 1987 жылға дейін – салынып жатқан нанмакарон кондитерлік комбинаты дирекциясының бас инженері, наубайхана өнеркәсібінің Қарағанды өндірістік бірлестік нанмакарон кондитерлік комбинатының директоры.
1987 жылдан 1988 жылға дейін – Қарағанды облысының нанбөлке комбинатының директоры, Қарағанды наубайхана өнеркәсібінің өндірістік бірлестіктің бас директоры.
1997 жылдан 2000 жылға дейін – Қарағанды қаласының әкімі.
2000 жылдан 2001 жылға дейін – «Абсолют Қазақстан» вице-президенті.
2001 жылдан бүгінгі күнге дейін – Петропавл облысының «Мамлүк ұнтарту комбинаты» ААҚ-нің президенті.
ИЗААК Корней Корнеевич

1966 жылы Қарағанды облысы Осакаровка ауданының «Заря» совхозында жұмысшы болып қызмет етті.
1969 жылы 19 Партсъезд атындағы совхозда жұмысшы болып қызмет етті.
1970 жылы № 23 шахтаның жерасты такелажнигі болып жұмыс істеді.
1973 жылы Қарағанды политехникалық институтын оқып бітірді.
1973 жылдан 1996 жылға дейін – «Қарағандышахтаөту» басқармасының жерасты ауысымды инженері, бастық орынбасары, тау-кен учаскесінің бастығы, бас инженері, бастығы.
1996 жылдан 1998 жылға дейін – «Қарағандышахтаөту» президенті.
1998 жылдан 2000 жылға дейін – «Қарағандышахтаөту» АТАҚ президенті, «Шахтаөту» - ЖТАҚ президенті.
2000 жылдан 2002 жылға дейін – Қарағанды қаласының әкімі.
I, II, III дәрежелі «Шахтер Даңқы» медалімен марапатталған.
ЛИТВИНОВ Юрий Михайлович

1968 жылдан 1970 жылға дейін – «Ленинкөмір» трестінің № 31 шахта аспапшысы.
1970 жылдан 1972 жылға дейін – Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
1972 жылы «Қарағандыкөмір» комбинатының «Стахановская» шахтасының өтушісі болып жұмыс істеді.
1976 жылы Қарағанды политехникалық институтын оқып бітірді.
1976 жылдан 1978 жылға дейін – Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің екінші және бірінші хатшысы.
1978 жылдан 1987 жылға дейін – Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің есеп және кадрлер дайындау секторының меңгерушісі, СҚЖ облыстық штабының командирі.
1987 жылдан 1988 жылға дейін – «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестіктің Қазан революциясына 50 жыл атындағы шахтаның тау-кен шебері.
1987 жылдан 1989 жылға дейін – Қарағанды облыстық партия комитетінің құрылыс бөлімінің нұсқаушысы.
1989 жылдан 1992 жылға дейін – «Қарағандымелиорация» жоба-құрылыс-пайдалану бірлестігінің кадр бөлімінің бастығы, партия комитетінің хатшысы, тұрмыс, кадрлар және әлеуметтік мәселелер бойынша бірлестік бастығының орынбасары.
1992 жылдан 2001 жылға дейін – Қарағанды қаласы Кеңес ауданының әкімшілік басшысының орынбасары, әкім орынбасары.
2001 жылдан 2003 жылға дейін – Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, Шахтинск қаласы әкімінің міндетін атқарушы, Шахтинск қаласының әкімі.
2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін – Қарағанды қаласының әкімі.
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
ТОГАЙБАЕВ Ислам Уакитович

Институтты оқып бітіргеннен кейін 1972 жылдан 1981 жылға дейін «Қарағандыпромстрой» трестінде әр түрлі қызметте жұмыс атқарды. 1981 жылдан партиялық қызметте – Кеңестік аудан комитетінің өнеркәсіптік-көлік бөлімін, құрылыс және қалалық шаруашылық бөлімін басқарды, сонан соң партиялық Қарағанды қалалық комитетінің екінші хатшысы. 1988 жылдан 1992 жылға дейін Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1992 жылдан 1997 жылға дейін «КРАМДС-Орталық бірлестігі» АҚ президенті.
1997 жылдан 1999 жылға дейін «Қарағанды-ИТЭКС» АҚЖТ президенті. 1999 жылдан мемлекеттік қызметте – Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Қарағанды қаласының Советский ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2004 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
2006 жылдың 25 мамыр айынан 2010 жылға дейін Қарағанды қаласы әкімі.
Үйленген, екі баласы бар.
ӘБДІШЕВ Бауржан Түйтеұлы

Әбдішев Бауржан Түйтеұлы, 1968 жылы туған, Қарағанды облысының тумасы. Үйленген, 2 ұлы бар.
Инженер-механик (Қарағанды политехникалық институты), экономист (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті), кеден ісінің маманы (Ресей кеден академиясы) мамандықтары бойынша 3 жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 1993 жылы Қарағанды қаласының №4 автобус паркінде жетекші экономист қызметінен бастады.
1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесінде қызмет атқарды. Инспектор, бас инспектор, жолаушылар бөлімінің бастығы, Қостанай, Қарағанды облыстары бойынша Кеден басқармасы бастығының орынбасары.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік табыс министрлігінің Кеден комитетінің Кедендік режим қорғау бас басқармасы бастығының орынбасары, бастықтың міндетін атқарушы.
Павлодар облысы бойынша Кеден басқармасының бастығы.
2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің, ҚР Кедендік бақылау Агенттігі төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2008 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларының мониторингі департаментінің директоры, Инновациялық комитеттің Орталық аппараты төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
11.01.2010-24.09.2012 жж. - Қарағанды қаласы әкімі.
Смағұлов Мейрам Ахмедияұлы

Өз еңбек жолын бірінші институтты бітіргеннен кейін бірден бастады: 1984 жылдан 1992 жылды қоса алумен – «Қарағандытұрғынүйқұрылыс» тресі №1 құрылыс басқармасының шебері, аға прораб, прораб.
1992-1995жж. - Саран серіктес қаланың бас сәулетшісі.
1995-2003 жж. - Саран қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
2003 ж. шілде – 2009 ж. қаңтар – Қарағанды облысының Саран қаласының әкімі.
2009 ж. қаңтардан – 2012 ж. күзіне дейін – Қарағанды облысының құрылыс басқармасының бастығы. Кейін – Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттігінің тұрғын үй құрылысы департаменті директорының орынбасары.
2012 ж. қаңтардан 2014 ж. шілдені қоса алумен – Қарағанды қаласының әкімі.
Әубәкіров Нұрлан Ерікбайұлы

Екі жоғары білімі бар: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (1997) «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған - экономист; Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетті (2000) «Құқықтану» мамандығы бойынша – заңгер.
Еңбек өтілі:
1997 ж. қазан - 1998 ж. қаңтар - Қарағанды облыстық бюджеттік банкте аға ревизор.
1998 ж. қаңтардан 2000 ж. тамызды қоса алумен - ревизиялық бөлімнің бас қазынашысы, Қарағанды облыстық қазынашылық басқармасының жетекші қазынашысы. Кейін 2002 ж. шілдені қоса алумен - Қарағанды облысының экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасының шағын және орта бизнесті қолдау бөлімінің бас маманы. 2002 ж. жазынан 2005 ж. қаңтарды қоса алумен - Қарағанды облысының экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасының бюджеттік қаражаттарды жоспарлау, есепке алу және бақылау бөлімінің бастығы-бас бухгалтері. Кейін 2005 ж. мамырды қоса алумен - Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің ұйымдық және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы-бас бухгалтері. 2005 ж. мамырдан – 2006 ж. шілдені қоса алумен - Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы.
2006 ж. тамыз – 2007 ж. желтоқсан - «Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығы. Кейін 2009 жылғы сәуірді қоса алумен - Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2009 ж. сәуірден 2010 ж. маусымды қоса алумен - Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның әкімі.
2010 ж. маусымнан 2011 ж. шілдені қоса алумен - Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.
2011 ж. шілдеден 2012 ж. мамырды қоса алумен – Қарағанды қаласының Октябрь ауданының әкімі.
Балқаш қаласының әкімі – 2012 ж. мамыр – 2014 ж. маусым.
2014 жылғы 28 маусымнан - Қарағанды қаласының әкімі.
Ермағанбет Бөлекпаев
Ермағанбет Бөлекпаев 1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданы Успенка ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы "Казкоммерцбанк"ААҚ Теміртау филиалында экономист қызметінен бастаған. 1997 жылдан 1998 жылға дейін Астанадағы "Бизнес-Информ" ИКО өкілдігінің директоры қызметін атқарды. 1998 жылдың қараша айында индустрия, энергетика және сауда министрлігінде экспорттық бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы лауазымында жұмыс істей бастады. 2002 жылы осы ведомство бастығының орынбасары болды.
2006 жылы Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2006 жылдан 2008 жылға дейін Павлодар облысы Павлодар ауданының әкімі болды.
2008 жылдан 2009 жылға дейін Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Нұр - сұлтан қаласы бойынша аумақтық басқармасының бастығы-Тәртіптік кеңесінің төрағасы лауазымын атқарған
2013 жылдан 2018 жылға дейін Нұр-Сұлтандағы "Сарыарқа", "Алматы" және "Есіл" аудандарының әкімі болды.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.
2018 жылғы қарашадан бастап 2020 жылдың қыркүйегіне дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап - Қарағанды қаласының әкімі
"Құрмет" орденімен және "Ерең еңбегі үшін"медалімен марапатталған.
Последнее редактирование информации: 29 Марта 2021 15:52