Қарағанды қалалық Мәслихаты
Официальный интернет-ресурс

Қоғамдық кеңесі


Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
«Қарағанды қаласының Қоғамдық кеңесіне мүшелік туралы» конкурстың бастауы туралы

Қарағанды қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс тобы «Қарағанды қаласының Қоғамдық кеңесіне мүшелік туралы» конкурс жариялайды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қарағанды қаласының әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы жұмыс тобына кандидат бола алады.

Жұмыс тобына кандидат: сотталғандығы болмауы, сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға; психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші; 2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Жұмыс тобымен қарастыру үшін құжаттар пошта бойынша немесе қолма-қол келесі мекенжай бойынша қабылданады: Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары 39, №№410, 418 каб.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 2016 жылдың 1 қарашасынан 15 қарашасына дейін (жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18-00-ге дейін).

Анықтама үшін телефондар: 40 28 36, 40 28 88, 40 28 39.


Последнее редактирование информации: 28 Июля 2017 12:03

Халық пiкiрi

Сізді қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) қызмет көрсету сапасы қанағаттандырады ма?
© 2007-2016 Ақпараттық портал Қарағанды қалалық мәслихаты
© 2017Сайтты әзірлеген және қолдау көрсеткен: Интернет-компания «Creatida»
Қарағанды қ., Проспект
Нұрсұлтан Назарбаев , 39А
Сенім телефоны
8 7212 40 28 88