
- Мәслихат
- Мәслихаттың шешімдері
- Жалпы ережелер
- Мәслихаттың актiлерi
- Мәслихаттардың құзыретi
- Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi
- Мәслихат жұмысын ұйымдастыру
- Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi
- Мәслихаттар мен әкiмдiктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер
- Мәслихаттарды құру тәртiбi
- Мәслихат сессияларын өткізу тәртібі
- Тұрақты комиссиялар
- Мәслихат сессиясының төрағасы
- Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар
- Мәслихат регламентi
- Қарағанды қалалық мәслихатының Регламенті
- Мәслихаттың хатшысы
- Мәслихат депутаты
- Мәслихат аппараты
- Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер
- Байланыс ақпарат
- Мемлекеттік қызмет
- Медиагалерея
- Мұрағат
- Қалалық мәслихаттың жаңалықтары
- Қарағанды қаласының кұрметті азаматтары
- Атқарушы билік органдарының басшылары
- Мемлекеттік сатып алулар
- Өзекті ақпарат
- Жол жүру сызбасы
- Хабарландыру
- Азаматтық бюджет
- Нормативтік құқықтық актілер
- Қоғамдық кеңесі
I шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары
- Басты бет
- Мәслихат депутаты
- Алдыңғы шақырылған депутаттар
- I шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары
-
ещё
Баганов Александр Петрович

1994-1999 жылдары I шақырылған қалалық мәслихат депутаты.
Бексултанов Құдайберген

1976 ж.- № 139 – шы орта кәсіби техникалық мектепті бітірді.
1976 жылдан 1978 жылға дейін – 10-шы Қарағанды дистанциясының ақаутапты арба операторының көмекшісі.
1978 жылдан 1984 жылға дейін - № 139-шы орта кәсіби техникалық училищесінің өндірістік оқытудың шебері.
1984 жылдан 1988 жылға дейін - № 30-шы орта кәсіби техникалық училищесінің өндірістік оқытудың шебері.
1988 жылдан 1993 жылға дейін - № 26-шы кәсіби техникалық училищесі директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары.
1993 жылдан 1999 жылға дейін - № 26-шы кәсіби техникалық мектептің директоры.
1999 жылдан 2003 жылға дейін – II шақырылған қалалық мәслихат хатшысы.
Біләлов Ерік Қабдыкенұлы

Білімі орта – техникалық, Қарағанды тау-кен техникумын бітірген.
1977 жылдан кешкі бөліміндегі оқуын «Қарағандыкөмір» өндіріс бірлестігінің № 22 шахтада, Т. Күзембаев атындағы шахтасында жерасты таукенжұмыскері, қауіпсіздік техникасы бойынша ауаны жаңарту учаске бастығының көмекшісі, таукен мастеры қызметтерін атқарумен үйлестірді.
1989 жылдан 1993 жылға дейін тұтыныс тауарлары қозғалысын қадағалау бойынша қоғамдық комитеттің мүшесі , Киров аудандық халықтық депутаттар Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1994-1999 жылдары I шақырылған қалалық мәслихат депутаты.
Бучин Валентин Людвигович

Женат, имеет двоих детей
Образование высшее. Окончил Карагандинский педагогический институт в 1973 году. Педагогический стаж - 31 год.
В 1973-1985 гг. работал преподавателем по классу аккордеона в музыкальной школе.
Награжден знаком «Отличник народного образования Казахской ССР», Почетной грамотой Министерства образования Республики Казахстан и благодарственным письмом Министерства образования и науки Республики Казахстан.
Горбачев Анатолий Васильевич

1994-1999 жылдары I шақырылған қалалық мәслихат депутаты.
Есқазин Мәлік Садықұлы

1975 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген.
Институтты бітірген соң шахтада таукен инженері, содан кейін Қарағанды ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
1993ж. — Қарағанды қаласының өнеркәсіптік өндірістік Ассоциациасының вице-президенті.
1994 жылы Қарағанды қаласы Ленин ауданының әкімшілігінің басы болып тағайындалды.
1996 жылдан—Қарағанды облысы монополияга қарсы комитетінің бастығы.
1999-2001 ж. — аралығында «Сары-Арқа» сауда комплексінің директоры. 2001 жылдан бүгінгі күнге дейін — «Қазақтелком» ААҚ Қарағанды облысы филиалында бөлім бастығы.
Аризона штатының Туссон қаласының Құрметті азаматы.
Жошин Аппас

1967 ж. — Қарағанды политехникалық институтын бітірді.
1968-1974 жж. — инженер-конструктор, конструкторлық бюроның бастығы, бас конструктордың орынбасары, бас технолог.
1974-1977 жж. — жобалардың бас инженері, бас конструктор.
1977-1978 жж. — «Қарағандашахтостроймонтаж» тресінің Руда жөндеу заводында бас инженер болып қызмет істеді.
1978-1985 жж. — Қарағанды металл конструкциясы заводында конструкторлық бюро-ның (ОКС) бастығы, завод директорының орынбасары болып қызмет істеді.
Қазіргі уақытта «ҒОRNАХ» ААҚ Президенті.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Имашев Марат Мұқажанұлы

1965-1971 жж.—Қарағанды политехникалық институтында оқыған.
Институтты бітірген соң Қарағанды автожөндеу зауытында инженер, цех бастығы болып жұмыс істеді.
1976 ж. — бастап № 1 Қарағанды таксопаркінде жөндеу учаскелері комплексінің, өнірістік техникалық бөлімнің бастығы болды. 1978 ж. — № 1 таксопарк кәсіптік коми-тетінің төрағасы. 1979 ж. — автокөлік жұмысшылары кәсіптік одағының облыстық коми-тетінің хатшысы болып сайланды.
1981-1985 жж. — аралығында Қарағанды бірлескен авиоотрядының арнайы көлік қыз-метінің. «Қарағандыоблгаз» автобазасының бастығы болды.
1990 жылдан — № 4 және № 5 автобус парктері» бастығының орынбасары.
2003 жылдан — жеке кәсіпкер.
Кадочников Юрий Максимович

1965 жылы еңбек жолын Қарағанды вагон депосының ӨТБ-інде аспапшы болып бастаған.
1965-1968 жылдары Кеңес Әскері қатарында борышын өтеген.
1970 жылы Теміржол аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды.
1971 жылы Целиноградтық темір жол транспорты техникумын бітірді.
1971-1997 жылдары Кеңес Әскері, Қазақстан Әскері қатарында қызмет еткен.
1975 жылы Алматылық жалпы әскер жоғары әскери училищені бітірді.
1997 жылы полковник шенінде денсаулығына байланысты отставкаға шығарылған.
Қазіргі күні зейнеткер.
Кашапов Каниф Сергеевич

1969-1973 жж.—Қарағанды политехникалық институтында оқыған.
1973 жылы ШҒЗИ-дің қазақ филиалына лаборант лауазымына жұмысқа орналасқан.
1993 жылдан бастап И.А. Костенко атындағы шахтаның директоры, техника ғылымдарының кандидаты.
2003 жылы Қарағанды облысы мәслихатының депутаты болып сайланды.
Құрметті шахтер, үш дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгілерінің иегері.
1998 жылы «Астана» медалімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, 2002 жылы «За трудовое отличие» медалімен марапатталған.
2002 жылы Қазақстан Республикасының "Спорт және дене тәрбиесін дамытуға қосқан үлесі үшін" құрмет белгісімен марапатталған.
Комаров Василий Антонович

1960 жылы Қарағанды қаласының № 50 орта мектебінің 9 сыныбын бітірді.
Сол жылы Тихоновка автобазасына жұмысқа тұрып, автомобильдер жөндеу аспапшысы болып жұмыс істеді және № 5 жұмыскер жастар мектебінде оқуын жалғап, орта білім аттестатын алды.
1982жылдан автомобильдер жөндеу аспапшысы болып жұмыс істеді.
1983жылдан бастап жөндеу аспапшылары бригадирі болып тағайындалды, жастар тәлімгері болды.
Еңбек өмірнамасы Тихоновка автобазасымен, қазіргі күні «Испат-Кармет» АҚТКБ ты-ғыз байланыста.
Мәмежанова Хабиба Ақатайқызы

1961 жылға дейін осы кәсіпорында жұмысшыдан нан комбинаты директорының орынбасарына дейін түрлі қызметтерде болды.
1961 жылдан Облнанкомбинаты кәсіподақ комитетінің төрайымы. 1971 жылдан – тамақ өнеркәсібі қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің хатшысы.
1987 жылдан – зейнеткер, көп жылдар бойы Қазыбек би атындағы ауданы ардагерлер Кеңесінің мүшесі, қалалық ардагерлер Кеңесі президиумының мүшесі.
«Еңбек ардагері», «В. Лениннің 100 жылдығына» медальдарымен, Облатқарукомитетінің, ВЦСПС, Қазкәсіподақ Кеңесінің және басқа да грамоталармен марапатталған.
Марданов Төлеуғажы Марданұлы

Мектепті бітірген соң, 1959 жылдан Кулагино кентінің ЖТС-да слесарь, аудандық білім бөлімінің және колхоздың жүргізушісі болып жұмыс істеді.
1965-1970 жж. — Ташкент темір жол институтында оқыды.
Институтты бітірген соң Қазақ темір жолына Қарағанды бөлімшесіне Қарағанды байланыс дистанциясына қызметке жіберілді.
1971 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін механикаландырылған горка бастығы.
Бірнеше рет аудандық Халық депутаттары Кеңесіне және қалалық мәслихатқа депутат болып сайланган.
«Еңбек ардагері» медалімен және «Қазақстан Республикасының, тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Қарағанды қаласының Құрметті азаматы.
Матиев Мусса Хусенович

Горск ауылшаруашылық институтын бітірді.
1973 жалдан 1978 жалға дейін – ПАТП – сында қауіпсіздік техникасының инжинері, пайдалану бөлімінің бастығы болды.
1978-1980 жылдар аралығында Қарағанды № 4 А/А-сында директордың пайдалану бойынша орынбасары болып жұмыс істеді.
1980 жылдан 1981 жылға дейін – Саран ПАТП – сында пайдалану басқармасының бастығы болды.
1981-1992 жылдар аралығында – «Межавтотранс» ТЭП – ның бастығы.
1992 жылдан бүгінгі күнге дейін 3058 автокомбинатының директоры.
Мищенко Анатолий Яковлевич

1950 жылдап бастап Қазақ ССР нан өнімдері министрлігінде аспапшы, механик болып жұмыс істеген.
1964 жылы Қарағанды облысы нан өнімдері басқармасына инженер болып жұмыс ауыстырды.
1967 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын бітірді.
1970 жылдан Қарағанды нан өнімдерін тарату базасында қызмет етті.
1974 жылдап бастап Қарағанды диірмен комбинатының директоры, бас директоры, президенті болды.
Бірнеше рет аудандық және қалалық депутаттар Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Еңбектік Қызыл ту және Октябрь революциясы ордендерімен марапатталған.
Мұқатаев Рымбай Сатыбалдыұлы

1967 жылдан 1977 жылға дейін — Қарқаралы ауданының № 10 мектебінде оқыған.
1978-1980 жылдары — Кеңес Әскері қатарында қызмет етті.
1980 жылдан 1995 жылға дейін — атындағы шахтада жұмыс істеген.
1986 жылы кен электомеханигі мамандығы бойынша Қарағанды кен-тау техникумын бітірген.
1989 жылы Киров аудандық халықтық депутаттар Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1996 жылдан 1998 жылға дейін Киров ауданының КШ АМБ коммуналдық шаруалығында мастер, ЖПУ участкесінің бастығы болып жұмыс істеді.
1998 жылдан бүгінгі күнге дейін Қарағанды жолдары дистанциясының ЖБ-24 еңбек етеді.
Наумов Александр Алексеевич

Новиков Владимир Анатольевич

1994-1999 жылдары I шақырылған қалалық мәслихат депутаты.
Педер Валерий Иванович

1964 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына түсті. Институттағы оқуын қалалық жедел жәрдем беру станциясында шақыру бойынша фельдшер жұмысымен үйлестірді. Институтты бітірген соң Қарағанды қаласының № 2 автобус паркінің цехтық дәрігері болып жұмыс істеді.
1971-1982 жж. — Мичурин ауданының орталық ауруханасының сауықтыру жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары болды.
1983-1997 жж. — Ульянов ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері, содан кейін Қарағанды қаласының № 4 клиникалық ауруханасың поликлиникалық бөлімінің меңге-рушісі болды.
Бүгінгі күні «Адонис» фирмасы ЖШС директоры.
Писарев Александр Иванович

1994-1999 жылдары I шақырылған қалалық мәслихат депутаты.
Правдин Валерий Степанович

1952 жылдан 1956 жылға дейін — Енакиевск тау-кен техникумында оқыды.
1956 жылдан 1959 жылға дейін — Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
1959 жылдан 1965 жылға дейін — Қарағанды политехникалық институтында оқыды.
1965 жылдан 1996 жылға дейін — Шахтаарнайықұрылыс трестінің Қарағанды құрылыс шахтаөту басқармасының жұмыс істеді. Бұрғышы жұмыскері, өтуші, тау-кен шебері, ауысымды инженер, учаске бастығының көмекшісі, КСШУ басқармасының учаскелер бастығы, басқарма бас инженер орынбасары, басқарма бас инженері болып қызмет етті.
1996жылдан 1997 жылға дейін — Қарағандыоблжылуэнерго Кеңес жылу жүйелерінің бас инженері болып жұмыс істеді.
1997жылдан 2000 жылға дейін — қалалық мәслихат хатшысы болып сайланды.
2000 жылдан 2002 жылға дейін — «Трансэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестік тің «Көмірсервис» тексеру-жөндеу учаскесінің бастығы болды.
2002 жылдан бүгінгі күнге дейін — «РиН-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серектес-тіктің тексеру-жөндеу кәсіпорынының директоры болып қызмет етеді.
«В.И. Лениннің туғанына 100 жылдығына», «БАМ салғаны үшін», «Еңбек ардагері», «Астана» медальдарымен, II және III дәрежелі «Шахтер даңқы», ХШЖК лауреат күміс меда-лімен — шахта құрылысындағы жаңа технологияларды дайындағаны және енгізгені үшін.
Рожков Борис Викторович

1994-1999 жылдары I шақырылған қалалық мәслихат депутаты.
Романова Раиса Ивановна

1969 жылы Қарағанды мемлекеттік университетіне түсті.
1971-1985 жж. — № 2 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1985 жылдан бастап №1 кәсіби-техникалық училище-лицейдің, артынан колледж болып қайта аталған, оқу өнеркәсіптік жұмысы бойынша директордың орынбасары болды.
1988 жылдан №1 колледж-лицейдің директоры.
Русяйкин Василий Михайлович

1964 жылы сегіз сыныптық мектепті бітірді. № 2 кәсіптік техникалық училищені бітірген соң «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің № 22 шахтада жерасты аспапшысы болды.
1981 жылы сырттай Қарағанды дене тәрбиесі педагогигалық институтын бітірді.
1978 жылы РГШО зауытында спорт бойынша инструкторы болып жұмыс істеді.
1999 жылдан «Қазақмыс» АҚ филиалы Қарағанды құю механикалық зауыты директорының орынбасары болып жұмыс істейді.
Акробатикадан ҚСРО – ның еңбек сіңірген спорт шебері.
II, III дәрежелі «Шахтер Даңқы» медалімен марапатталған.
Тамабаева Раиса Хакимовна

1975 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген.
Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысында Покровка селосында училище оқытушысы болып бастаған.
1975 жылдан 1987 жылға дейін Қарағанды облысы кәсіби білім беру саласында оқытушы, методист, инспектор қызметтерін атқарған.
1987 жылдан бүгінгі күнге дейін № 9 АКТУ-дың, қазір № 9 кәсіби мектептің директоры.
Хамитов Тулеген Нургалиевич

1979 ж. – Қарағанды облыстық санитарлық – эпидемиолық станциасында дәрігер- эпидемиолог, санитарлық дәрігер, радиология бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
1986 жылдан Қарағанды қаласының Совет аудандық санитарлық - эпидемиолық станциясының бас дәрігері.
1997 жылдан Қарағанды облСЭС бас дәрігерінің орынбасары. 2000 ж. – Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық СЭС – ның бас дәрігері.
2003 жылдан – Қарағанды қаласы мемлекеттік санитарлық – эпидемиолық қадағалау басқармасының бастығы.
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.
Хука Александр Александрович

1962 жылдан 1993 жылға дейін - жерасты кен-жұмыскері және механик болып Костенко атындағы шахтада жұмыс істеді.
Қарағанды кен-тау техникумын және Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1994 жылдан «Облжылукоммунэнерго» директорының орынбасары, 1998 жылдан —Қарағанды қаласы әкімінің аппаратының бас маманы.
1999 жылдың желтоқсанынан қазіргі күнге дейін — Қарағанды қаласының энергетика-лық компаниясында жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Чекунков Валентин Васильевич

1954 жылдан 1956 жылға дейін — № 36 шахатасында қызмет еткен.
1956-1959 жылдарында Қеңес Әскері қызметінде.
1959-1964 жылдары № 35 шахтасының жерасты темір ұстасы.
1969 ж. Қарағанды Политехникалық институтының тау-кен жұмыстарын электрмен жабдықтау және автоматтау факультетін бітірген.
1969 жылдан 1983 жылға дейін — механик, учаске бастығының көмекшісі, Қарағанды шахтасының бастығы.
1983 жылдан 1995 жылға дейін №16 ГПТУ оқытушысы.
II, III дәрежедегі «Шахтер Даңқы» медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
1995 жылы қайтыс болған.
Шейгарчук Валерий Родионович

1953 жылдан 1963 жылға дейін — мектепте оқыды.
1965-1969 жылдар аралығында Кеңес Әскері қатарында борышын өтеген.
1970-1995 жылдар аралығында Қарағанды шахталарында жұмыс істедім.
1989жылы «Саранская» шахтасынан облыстық ереуіл комитетінің мүшесі болып сайландым.
1990 жылы бірінші бүкілодақтық шахтерлер съездінің делегаты болып сайландым, онда съездің шешімі бойынша Донецк облысының Первомайск кеншілерінің жалпы аштық жариялауды тоқтату бойынша комиссиясына қатыстым.
Бүгінгі күні зейнеткер.
Шегенов Қайыржан Оспанұлы

1960 жылы орта мектепті бітірген.
Алғаш еңбек жолын Жезқазғандағы автоматтанған қазба кен орны мен КИП цеханда электр жөндеушісі болып бастады.
Сонымен қоса Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының тау-кен фа-культетіне оқуға түсті.
1966 жылы таукен электр жөндеуші — инженер мамандағы бойынша дәріс алып, жас маман ретінде «Қарағандыкөмір» комбинатына жұмысқа бөлінді. 106 көмір кенінің «Саран-көмір» тресінде гидравликалық жолмен көмір өндірудің бас механигі және бас механиктің көмекшісі болып жұмыс атқарды.
1971 жылы тамызда Саран қалалық Қазақстан ЛКЖО комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды.
1974 жылы қазан айынан 1977 жылғы тамыз айы аралығында Саран қалалық партия комитеті бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды.
1977 жылдың қыркүйек айынан 1979 жылдың наурызына дейінгі аралықта Алматы жо-ғары партия мектебінде білім алды. Содан кейін Қазақстан Компартия Қарағанды облыстық комитетінің көмір өнеркәсібі бөлімінде жұмыс істеді.
1992 жылдың наурыз айынан бастап 1994 жылға дейін Октябрь аудандық депутаттар кеңесінің төрағасы болып еңбек етті.
Қазақстан ЛКЖО-ның XIII съезіне және Қазақстан Компартиясының XVII съезіне делегат болды.
Қазіргі уақытта партияда және қозғалыстарда жоқ.
«Шахтер даңқы» белгісінің үш дәрежесінің иегері және марапаттау қағаздарымен құттықталған.
1996 жылы қайтыс болған.
Шипов Александр Константинович

1961 жылы жанұясы Қарағандыға көшіп келген, мектепті, № 3 техникалық училищені бітірген.
1967-1999 жылдары Кеңес Армиясы қатарында борышын өтеген.
1970 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Т. Күзембаев атындағы шахтасында жұмыс істейді.
1994 жылдан зейнеткер, әлі де жұмысын жалғастыруда, құрметті шахтер, үш дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгісімен, «Халықтар Достығы» орденімен марапатталған.
Последнее редактирование информации: 17 Февраля 2017 08:34